Бокстан әлем чемпионаты: Бүгін төрт қазақстандық спортшы шаршы алаңға шығады

910

Сербияның Белград қаласында бокстан әлем чемпионатының кезекті жарыс күні басталады.

Бокстан әлем чемпионаты: Бүгін төрт қазақстандық спортшы шаршы алаңға шығады

Күндізгі сессияда Қазақстан атынан Махмұд Сабырхан (54 келі) шаршы алаңға шығады. Ол шотландиялық Мэттью Макхэйлмен жұдырықтасады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Кешкі сессияда Саматәлі Төлтаев (60 келі) колумбиялық Дуван Зулетамен кездессе, Асланбек Шымбергенов (71 келі) германиялық Магомед Шахидовпен жолығады. 

Сондай-ақ Айбек Оралбай (92 келі) өзбекстандық Мадияр Саидрахимовқа қарсы шығады. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу