Бүгін ширек финал бәсекелері аяқталып, жартылай финалға өткен боксшылар тізімі толығымен анықталады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Кеше Қазақстан сапынан Теміртас Жүсіпов (49 келі), Дариға Шәкімова (69 келі), Санатәлі Толтаев (64 келі), Бек Нұрмағанбет (81 келі), Фариза Шолтай (81 келі) және Ләззат Күнгейбаевалар (+81 келі) жартылай финалға жолдама алған болатын.
Бүгін шаршы алаңға шығатын қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі:
Күндізгі сессия, басталуы 13:00
60 келі. Зәкір Сафиуллин - Цзюнь Шань (Қытай)
75 келі. Тұрсынбай Құлахмет – Исраил Мадримов (Өзбекстан)
91 келі. Василий Левит- Саади Мохаммед Рабеа (Ирак)
54 келі. Дина Жоламан - Циан Ши (Қытай)
60 келі. Римма Волосенко - Лаишрам Деви (Үндістан)
75 келі. Ақерке Бақытжан - Ли Циан (Қытай)
Кешкі сессия, басталуы 17:00
69 келі. Асланбек Шымбергенов – Бобо-Осмон Батыров (Өзбекстан)
51 келі. Назым Қызайбай - Зарин Нихат (Үндістан)
64 келі. Милана Сафронова - Аяка Тагучи (Жапония)
+91 келі. Қамшыбек Қоңқабаев - Одай Альхивдави (Иордания).