"Боксшылар үшін биылғы басты бәсеке – Ташкенттегі әлем чемпионаты және Қытайда өтетін жазғы Азия ойындары. Дәл осы жарыстарға Қазақстан бокс федерациясы мен Мәдениет және спорт министрлігі басымдық беріп, құраманың жұмысына жіті назар аударады.
Барлық спортшымызды, жаттықтырушылар штабын және осы бекзат спорттың жанкүйерлерін Ұлттық құраманың жоғары нәтижесімен құттықтаймын! Алға, Қазақстан!", - деді Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев.
Айта кетейік, қазақстандық шаршы алаң шеберлері 5 алтын (үш еркек, екі әйел), 3 күміс (ерлер) және 12 қола (бес ер және жеті әйел) жеңіп алды. Осылайша 25 боксшының 20-сы медальге қол жеткізді.