Бокстан биылғы Азия чемпионаты Үндістаннан Біріккен Араб Әмірліктеріне ауыстырылды. Құрлық додасы 21 мамыр мен 1 маусым аралығында Дубайда өтеді. Бұл туралы Азия бокс конфедерациясы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.
Турнирді Нью-Делиден Дубайға ауыстыруға Үндістандағы коронавирусты инфекцияға байланысты жағдайдың ушығуы себеп болып отыр.
Азия бокс конфедерациясы құрлық чемпионатын Олимпиада қарсаңында ұйымдастырып, үздік боксшылардың дайындалуына себеп болмақ.
Айта кетелік, Дубайда ерлер мен әйелдер он салмақ дәрежесінде сынға түседі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу