Қазақстандық боксшылар құрлық біріншілігінде жалпы саны 21 медаль жеңіп алды, соның алтауы – алтын, жетеуі – күміс, 8-і – қола.
Өзбекстандықтар 13 медальмен (6 алтын, 3 күміс, 4 қола) екінші сатыда.
Үндістандықтар 12 жүлдемен (4 алтын, 2 күміс, 6 қола) үздік үштікті түйіндеді.
Бокстан 2022 жылғы Азия чемпионатының жалпыкомандалық медаль есебі:
1. Қазақстан – 6-7-8
2. Өзбекстан – 6-3-4
3. Үндістан – 4-2-6
4. Иордания – 2-3-2
5. Таиланд – 2-2-1
6. Жапония – 1-5-1
7. Оңтүстік Корея – 1-1-4
8. Тайвань – 1-0-3
9. Филиппин – 1-0-2
10. Вьетнам – 1-0-1
11. Моңғолия – 0-2-8
12. Қырғызстан – 0-0-4
13. Иран – 0-0-2
13. Тәжікстан – 0-0-2
15. Пәкстан – 0-0-1.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан боксшыларының ерлер арасында Азия чемпионатын 3 алтын, 6 күміс, 3 қола медальмен түйіндегенін жазған болатынбыз.