Бокстан ел чемпионатының алғашқы жүлдегерлері анықталды

816

Бокстан ел чемпионатының алғашқы жүлдегерлері анықталды

Ақтауда өтіп жатқан Қазақстан біріншілігінде 52 және +91 келідегі алғашқы жүлдегерлер анықталды деп хабарлайды Olympic.kz.

Екі салмақ дәрежесінде жартылай финалдық жұптар анықталды. 52 келіде Азат Махметов (Астана) пен Әнуар Мұзапаров (Алматы облысы), Сәкен Бибосынов (Түркістан облысы) пен Абай Қуандықов (Ақтөбе облысы) жұдырықтасады. Алтын үшін таласатын төрт жігіттің де чемпионат жүлдесіне қол жеткізетіні сөзсіз. 

Аса ауыр салмақта ұлттық құрама үздігі Қамшыбек Қоңқабаев бет қаратпай келеді. Ол жартылай финалда ақтөбелік Ержан Сейтімбетовпен кездеседі. Жартылай финалдың екінші жекпе-жегінде Нұрлан Сапарбай (Түркістан облысы) мен Айболды Дәуренұлы жолығады. 

56 келідегі басты жаңалық – Азиада чемпионы Ілияс Сүлейменовтің Оразбек Асылқұловтан ұтылуы. Ал бұл салмақтағы әлем чемпионы Қайрат Ерәлиев ширек финалға сүрінбей өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу