Еліміздің үздік боксшы қыздары 2020 жылғы Олимпиада ойындарының іріктеу турниріне қатысу мүмкіндігіне таласып жатыр, деп жазады Olympic.kz.
52 келідегі Ангелина Лукас өзінің байырғы қарсыласы Жайна Шекербековадан басым түссе, әлем чемпионы Назым Қызайбай Жансая Әбдірайымоваға жол берді.
57 келіде Ресей және Өзбекстан өкілдері алтын жүлдені сарапқа салса, 60 келідегі ақтық айқаста қазақстандық Римма Волосенко мен ресейлік Екатерина Дынник жұдырықтасады.
Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, 69 келідегі Дариға Шәкімова күтпеген жерден Баян Ақбаеваға жол берді.
75 келіде жасөспірімдер Олимпиадасының жүлдегері Надежда Рябец төрешілер шешімімен Ақерке Бақытжаннан басым түсті.