Кельнде (Германия) бокстан халықаралық турнир аяқталды. Қазақстан құрамасы екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Айбек Оралбай мен 91 келіден жоғары салмақта жұдырықтасқан Қамшыбек Қоңқабаев жарыс жеңімпазы атанды. Оразбек Асылқұлов (57 кг), Сәкен Бибосынов (52 кг), Ертуған Зейнулинов (63 кг) пен Нұрбек Оралбай күміс жүлдеге ие болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу