Өкінішке қарай, Қазақстан әйелдер командасының жолдамадан үмітті тағы бір спортшысы жеңіліп қалды деп хабарлайды Olympic.kz.
51 келіге дейінгі салмақтағы Ангелина Лукас таиландтық Ютамас Джитпонгқа қарсы шыққан болатын.
Өте тартысты өткен кездесуде таиландтық спортшының басымдығы анық байқалды. Ол үш раунд бойы өз мықтылығын дәлелдеп, төрешілер жеңісті Ютамасқа берді.
Қорытындысы есеп – 1:4, жекпе-жек таиландтық спортшының пайдасына шешілді.
Айта кетелік, бұған дейін Дәметкен Келімбет пен Римма Волосенко жарысты аяқтаған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу