Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Мароккода 5 алтын медаль жеңіп алды

686

Марокко елінде бокстан өтіп жатқан "GOLDEN BELT SERIES MARRAKESH 2023" ("Алтын белбеу") халықаралық турнирінде Қазақстанның әйелдер құрамасы 5 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты еліміздің бокс федерациясына сілтеме жасап.

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Мароккода 5 алтын медаль жеңіп алды

Чемпион атанғандар: 48 келі салмақтағы Алуа Балқыбекова финалда тайпейлік Лью Чен-Лингтті; 57 келі салмақтағы Карина Ибрагимова ресейлік Людмила Воронтцованы; 54 келі салмақтағы Жайна Шекербекова италиялық Алеан Савчукты; 50 келі салмақтағы Назым Қызайбай ресейлік Екатерина Пальцеваны; 75 келі салмақтағы Валентина Хальзова бразилиялық Вивиане Пирейраны жеңді.

Күміс медаль алған спортшыларымыз: Аида Әбікеева (63 кг); Ләззат Күнгейбаева (+81 кг).

Қола жүлде иеленгендер: Надежда Рябец (66 кг), Мадина Нұршаева (70 кг) және Фариза Шолтай (81 кг).

Марракештегі турнирде Қазақстан атынан барлығы 12 боксшы өнер көрсетті. Медальсіз қалған спортшылар: Жазира Орақбаева (52 кг) мен Владислава Кухта (60 кг).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу