Бокстан Қазақстан чемпионаты: Дариға Шәкімова ширек финалға жолдама алды

668

2016 жылғы Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Дариға Шәкімова бокстан Қазақстан чемпионатын сәтті бастады, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Бокстан Қазақстан чемпионаты: Дариға Шәкімова ширек финалға жолдама алды

69 келіде сынға түскен Дариға 1/8 айналымда елордалық Әсел Құспанованы мерзімінен бұрып ұтып, ширек финалға жолдама алды. 

Айта кетелік, Дариға Шәкімова 75 келіде Олимпиада жүлдегері атанған болатын. Бас бапкер Ерік Алғабек Шәкімованың не себепті салмақ ауыстырғанын түсіндірді. 

"Дариға бапкерімен ақылдасып, 69 келіге ауысты. Бұл салмақта ол өзін жеңіл сезінетін болуы керек. Оның үстіне, қарсыластарын да жақсы таниды", – дейді бас бапкер. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу