Бокстан Қазақстан чемпионаты Шымкентте өтетін болды

768

Ерлер де, әйелдер де бір мезетте сынға түсетін дода 23-29 қараша аралығында өтеді. 

Бокстан Қазақстан чемпионаты Шымкентте өтетін болды Фото: olympic.kz

Бокстан 2020 жылғы Қазақстан чемпионаты қараша айында Шымкентте өтеді. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Olympic.kz. 

"Қазақстан бокс федерациясы 2020 жылғы ел біріншілігін өткізу үшін Шымкент қаласын таңдап алды. Ерлер де, әйелдер де бір мезетте сынға түсетін дода 23-29 қараша аралығында өтеді. Шымкент қаласының республикалық жарыстарды ұйымдастыруда тәжірибесі мол. Сондықтан чемпионат сәтті өтеді деген сенімдеміз", – дейді ҚБФ президенті Кеңес Рақышев. 

Шымкент қаласын 2017 ел біріншілігін, 2019 жылы V жазғы Спартакиаданы абыроймен өткізген. 

Коронавирустың алдын алу жөнінде ведомствоаралық комиссияның мәліметі бойынша, Шымкент қаласы мен Түркістан облысы эпидемиологиялық жағдай тұрақты саналатын "жасыл аймаққа" енеді. Аталған өңірде вирус жұқтыру жағдайы аз тіркелуде. 

"Біз Шымкент қаласының бас санитар дәрігерінен рұқсат алдық, енді еліміздің бар аймағынан келетін спортшыларды қабылдауға дайындалып жатырмыз. Бұл ерлер мен әйелдер арасындағы дода бірлесе өткізілетін алғашқы біріншілік болмақ. Өкінішке қарай, залға көрермендер кіргізілмейді. Ал біз ұлттық чемпионатты жоғары деңгейде өткізу үшін бар күшімізді саламыз", – дейді Шымкент бокс федерациясының атқарушы директоры Рахманбек Арғымбаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу