Бүгін Ақтауда бокстан Қазақстан біріншілігінің жаңа чемпиондары мен жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды, Olympic.kz.
Жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Түркістан облысы иеленді. Олардың қоржынында 2 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль бар.
Екінші орында бір алтын, үш күміс және төрт қолаға иелік еткен Маңғыстау облысы.
Үздіктер үштігін бір алтын, екі күміс және үш қола медаль иеленген Жамбыл облысы тұйықтап тұр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу