Бокстан Қазақстан командасы Азия чемпионатына қатысу үшін Тайландқа ұшып барды

823

Биылғы құрлық додасы ерлер мен әйелдер арасындағы қатар өтеді. Сары құрлық турнирі 28 сәуірге дейін жалғаспақ. 

Бокстан Қазақстан командасы Азия чемпионатына қатысу үшін Тайландқа ұшып барды

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Азия чемпионаты өтетін Тайландқа ат басын тіреді. Команда мүшелері алғашқы жаттығу кезеңін өткізіп үлгерді, деп жазады Olympic.kz. 

Қазақстан боксшылары үшін Азия чемпионатының маңызы жоғары. Сондай-ақ, қыркүйек айында Ресейде ұйымдастырылатын әлем біріншілігі де спортшылар үшін жылдың басты додасы болмақ.

Бангкокке келіп жеткен Қазақстан командасы дайындықты бастап кетті. 

Біздің команда сапынан төмендегі спортшылар шаршы алаңға шығады: 

Теміртас Жүсіпов (49 келі), Әнуар Мұзапаров (52 келі), Қайрат Ерәлиев (56 келі), Зәкір Сафиуллин (60 келі), Санатәлі Толтаев (64 келі), Асланбек Шымбергенов (69 келі), Тұрсынбай Құлахмет (75 келі), Бек Нұрмағанбет (81 келі), Василий Левит (91 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (+91 келі).

Әйелдер командасының құрамы:

Алуа Балқыбекова (48 келі), Назым Қызайбай (51 келі), Дина Жоламан (54 келі), Сәния Сұлтанқызы (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Милана Сафронова (64 келі), Дариға Шәкімова (69 келі), Ақерке Бақытжан (75 келі), Фариза Шолтай (81 келі) және Ләззат Күнгейбаева (+81 келі).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу