Бокстан Қазақстан құрамасын елордада жанкүйерлер ыстық ықыласпен күтіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.
Отандық былғары қолғап шеберлері Сербия астанасы Белградта өткен әлем чемпионатынан екі алтын, екі күміс және бір қола жүлдемен елге оралды. Бас бапкер Қайрат Сәтжанов бастап барған құрама әлем чемпионатының қорытындысы бойынша жалпы медаль кестесінде екінші орынға жайғасты.
Өз кезегінде бас бапкер құраманың нәтижесіне көңілі толатынын айтса, жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшылар жанкүйерлер қоодауын ерекше сезінгенін жасырмады.
Фото: Сали Сабиров
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу