Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Болат Теміров дүниеден озды

516

Қазақстан бокс федерациясы КСРО чемпионы Болат Теміровтың дүниеден озғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Болат Теміров дүниеден озды Фото: liter.kz

"Атақты кеңестік және қазақстандық боксшы, КСРО чемпионы, ҚазКСР және Қазақстан чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы Болат Теміров дүниеден өтті. Ол небәрі 53 жаста еді...

Болат Бисенұлы - 1992 жылғы Олимпиада қатысушысы, бірнеше рет әлем чемпионаттарының қатысушысы. Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында ұлттық құраманың капитаны болды. Бокстағы мансабын аяқтағаннан кейін бизнеспен сәтті айналысып, ҚБФ бас хатшысы қызметін атқарды, Атырау облысының құрметті азаматы болды.

Қазақстан бокс федерациясы мен еліміздің барша бокс қауымдастығы Теміров Болат Бисенұлының отбасының қайғысына ортақтасып көңіл айтады", - делінген федерация хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу