Бокстан Қазақстан қыздар командасы Италияға аттанды

200

Жалпы аталған турнирде 21 жолдама сарапқа салынады.

Бокстан Қазақстан қыздар командасы Италияға аттанды Фото: Olympic.kz

Бокстан Италияда 29 ақпан пен 12 наурыз аралығында өтетін лицензиялық турнирге Шәміл Сафиуллин баптайтын бұрымды боксшыларымыз және өзге жаттықтырушылар алқасы Астанадан жолға шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ҚР Бокс федерациясы мәлім еткендей, турнир алдында боксшыларымыз Италияның Ассизи қаласында бір апталық оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жаттығу жиынына Қазақстан құрамасынан бөлек, турнирге қатысатын 30-ға жуық команданың боксшылары дайындықтарын пысықтамақ.

Естеріңізге сала кетейік, аталған додада Париж Олимпиадасының жолдамасына қазақстан қыздарынан 50 келіде Алуа Балқыбекова, 54 келі салмақта Жайна Шекербекова, 60 келіде Римма Волосенко, 66 келіде Наталья Богданова және 75 келі салмақта Валентина Хальзова ел намысын қорғайды.

Жалпы аталған турнирде әйелдерде 21 жолдама сарапқа салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу