Бокстан Қазақстан мен Жапония бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізді

893

2018 жылдың соңында Жапонияның Ибараки қаласында бокстан ел біріншілігі өтіп, үздіктер анықталды. Олардың ішіндегі жеті спортшы Шымкенттегі жиынға қатысу мүмкіндігін алған болатын.

Бокстан Қазақстан мен Жапония бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізді

Бокстан Жапония ұлттық құрамасы Шымкентте жергілікті боксшылармен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізді деп хабарлайды Olympic.kz. 

2018 жылдың соңында Жапонияның Ибараки қаласында бокстан ел біріншілігі өтіп, үздіктер анықталды. Олардың ішіндегі жеті спортшы Шымкенттегі жиынға қатысу мүмкіндігін алған болатын.

Қазақстанға келген спортшылар қатарында 2015 жылғы әлем чемпионатының қатысушысы Томоя Цубай (52 келі), Азия сынақтық ойындарының күміс жүлдегері Рентаро Кимура (60 келі), студенттер арасындағы әлем чемпионатының ширек финалына жеткен Джунья Шимада (60 келі), Рио Олимпиадасының қатысушысы Дайсуке Наримацу (64 келі), Жапония вице-чемпионы Юта Акияма (64 келі), Азия ойындарының қатысушысы Иссеи Арамото (69 келі) және Азия сынақтық ойындарының жеңімпазы Юито Мориваки (75 келі) бар. 

Жаттығу жиыны аясында Қазақстан мен Жапония құрамалары матчтық кездесу өткізді. Жапония 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына дайындалу үстінде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу