Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы халықаралық рейтингте көш бастады

466

IBA рейтингінде барлығы 135 ұлттық федерация боксшылары ұсынылған.  

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы халықаралық рейтингте көш бастады Фото: kfb.kz

Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) рейтингінде Қазақстан құрамасы бірінші орынға көтерілді. Бұл жөнінде ҚР бокс федерациясы мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness тілшісі.

"Қазақстандық былғары қолғап шеберлері барлығы 48 100 ұпай жинаған. Екінші орындағы Өзбекстан боксшыларында – 37 600 ұпай болса, үздік үштікті 36 300 ұпаймен Үндістан боксшылары түйіндеп тұр", - деп жазылған федерация таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу