Бокстан Шанхайдағы турнирге кімдер қатысады

943

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Шанхайдағы турнирге қатысатын спортшыларды атады.

Бокстан Шанхайдағы турнирге кімдер қатысады

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев Шанхайдағы халықаралық турнирге қатысатын боксшылар есімін атады, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қытайдағы халықаралық сынға жеті боксшы аттанады. Олар: 

49 келіде – Шалқар Айқынбай

56 келіде – Нұрбол Қалжанов

60 келіде – Саматәлі Толтаев

69 келіде – Талғат Шайкен

81 келіде – Нұрбек Оралбай

91 келіде – Айбек Оралбай

+91 келіде – Дамир Тойбай

"Бұл турнирде жастардың әлеуетін байқап көрмекпіз. Жасөспірімдер олимпиадасына қатысқан боксшылармен қатар, ел Спартакиадасында көзге түскін жас таланттарға мүмкіндік беріп отырмыз. Ал ересектер Азия чемпионатынан кейін аздаған үзіліс алды", – дейді бас бапкер. 

Шанхайдағы халықаралық турнир 2-9 маусым аралығында өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу