Бокстан Токио Олимпиадасына іріктеулер қай қалаларда өтетіні белгілі болды

1023

2020 жылдың ақпаны мен мамыры аралығында бокстан төрт аймақтық іріктеу турнирі мен әлем чемпионаты өтеді.

Бокстан Токио Олимпиадасына іріктеулер қай қалаларда өтетіні белгілі болды

Бокстан 2020 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеу турнирлерін ұйымдастыратын арнайы жұмыс тобы лицензиялық жарыс өтетін қалаларды анықтады, деп хабарлайды olympic.kz. 

2020 жылдың ақпаны мен мамыры аралығында бокстан төрт аймақтық іріктеу турнирі мен әлем чемпионаты өтеді. Аталған турнирлер арқылы боксшылар Токио Олимпиадасының жолдамасына таласпақ. 

Бокстан Олимпиада ойындарына іріктеу турнирлері: 

Азия/Океания: ВУХАН, Қытай, 3-14 ақпан 2020 жыл

Африка: ДАКАР, Сенегал, 20-29 ақпан 2020 жыл; 

Еуропа: Лондон, Ұлыбритания, 13-23 наурыз 2020 жыл;

Америка: Буэнос-Айрес, Аргентина, 26 наурыз - 3 сәуір 2020 ж;

Бокстан әлем чемпионаты 13-24 мамыр аралығында Францияның Париж қаласында өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу