Бокстан Ухань қаласында өтетін Азия аймақтық іріктеу турнирі кейінге шегерілді

552

3-14 ақпан аралығында бокстан Азия/Океания аймақтық іріктеу турнирі Қытайдың Ухань қаласында өтуге тиіс болатын. 

Бокстан Ухань қаласында өтетін Азия аймақтық іріктеу турнирі кейінге шегерілді

Қытайдың Ухань қаласында өтуі тиіс бокстан Азия аймақтық іріктеу турниріне белгісіз уақытқа кейінге шегерілді. Бұл туралы жарысты ұйымдастыру комитетіне сілтемемен Olympic.kz хабарлайды. 

3-14 ақпан аралығында бокстан Азия/Океания аймақтық іріктеу турнирі Қытайдың Ухань қаласында өтуге тиіс болатын. Аталған турнирде ерлер мен әйелдерді қоса есептегенде Токио Олимпиадасының 63 лицензиясы сарапқа салынады деп күтілген. Бүгін таңертең аккредитациядан өткен медиа өкілдеріне арналған хатта іріктеу турнирінің белгісіз уақытқа ауыстырылғаны айтылған. Ұйымдастыру комитетінің мәлемдеуінше, әрі қарайғы ақпаратты Халықаралық Олимпиада комитеті таратады. 

"Ухань қаласында пневмонияның асқынуына себеп болған коронавирустың таралуына байланысты, адамдардың денсаулығына нұқсан келтірмеу мақсатында жергілікті ұйымдастыру комитеті турнирді кейінге қалдыруды жөн көрді", – делінген хатта. 

Айта кетелік, 2020 жылғы Токио Олимпиадасына іріктеу турнирі жаңа ереже бойынша өткізіледі. Жаңа ережеге сәйкес, боксшылар төртжылдық додасына жолдама алу үшін құрлықтық іріктеу сындарында бақ сынау қажет.

2020 жылдың ақпаны мен мамыры аралығында бокстан құрлықтық және әлемдік іріктеу турнирлері ұйымдастырылады.

Африкадағы бәсеке 2020 жылдың 20-29 ақпаны аралығында Дакарда (Сенегал), Еуропадағы іріктеу сыны 13-23 наурыз күндері Лондонда (Ұлыбритания) өтеді. 

 Америкалықтар 23 наурыз бен 3 сәуір аралығында Буэнос-Айресте (Аргентина) жолдамаға таласады. Ал әлемдік іріктеу турнирі мамыр айында Францияның Париж қаласында ұйымдастырылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу