Алматыда бокстан 2003-2004 жылы туған боксшы қыздар арасында ҚР еңбек сіңірген бапкер Жанбек Құлниязовтың жүлдесі үшін халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды olympic.kz.
Турнирге Өзбекстан, Моңғолия және Қазақстан спортшылары қатысуда. Аталған турнир қазан айында Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін Азия чемпионатына іріктеу кезеңі саналмақ.
Жанбек Құлниязов бокстан 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбырайымовтың жеке бапкері. Сондай-ақ, қазіргі сәтте бокстан жасөспірім қыздар командасын жаттықтырады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу