Талдықорғанда бокстан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Республикалық біріншілікке Қазақстанның 17 аймағынан 224 спортшы қатысты. Финалда 12 команданың өкілдері бақ сынады: Жамбыл облысынан – 5, Алматы облысынан – 4, Түркістан облысы мен Нұр-Сұлтан қалаларынан – 3, Қарағанды, Алматы, Шымкент, Ақмола облысы мен Шығыс Қазақстаннан екі спортшы финалда өнер көрсетті.
Қызылорда, Маңғыстау облысы және Ақтөбеден ақтық сында бір боксшыдан сынға түсті. Жарыс қорытындысы бойынша Жамбыл облысы – 4, Түркістан облысы 2 алтын иеленді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу