Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатын қазақстандықтар сәтті бастады деп жазады Olympic.kz.
Алғашқы жарыс күнінде шаршы алаңға шыққан Сабырхан Махмұд (52 келі) моңғолиялық қарсыласын айқын басымдықпен жеңді. Бейбарыс Жексен (56 келі) түрменстандық боксшыны 5:0 есебімен ұтқан. 64 келідегі Дархан Дүйсебайға да төрешілер бірауыздан жеңісті берді. Жарыстың екінші күнінде 75 келіде жұдырықтасқан Азамат Бектас үндістандық қарсыласын оңай ұтты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу