Қазақстанда халықаралық "Болашақ" стипендиясының жаңа иегерлері анықталды. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен бұл стипендия 189 қазақстандыққа тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Биыл конкурстық іріктеу жаңа ережеге сай кезең-кезеңімен өтіп жатыр. Оның аясында кешенді тестілеу және жеке сұхбаттар жүргізілді.
"Жаңа стипендиаттардың жалпы санынан 164 азамат – магистратура, 10 азамат докторантурада оқиды. Сондай-ақ 15 азамат әлемнің ең үздік университеттері мен орталықтарында тағылымдамадан өтеді", – делінген хабарламада.
"Болашақ" стипендиясының иегерлерінің толық тізімін мына жерден көруге болады.