Болашақ әскери ұшқыштар әскери ант берді

864

Биыл 9 қыз С.М. Киров атындағы Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің және 4 қыз Мхитар Гераци атындағы Ереван мемлекеттік медицина университеті әскери факультетінің әскери-медициналық академиясына оқуға түсті.

Болашақ әскери ұшқыштар әскери ант берді

Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында курсанттардың салтанатты ант қабылдау рәсімі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Іс-шараға әскери институттың жеке құрамы, Ақтөбе гарнизонының әскери қызметшілері, Қарулы күштердің ардагерлері, Ақтөбе қаласының "Жас ұлан" әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері, сондай-ақ курсанттардың туыстары мен жақындары қатысты.

– Бүгін сіздер үшін айтулы күн. Ант беру дегеніміз Отанға, еліңе адал болу. Оның мән-мағынасы терең. Әскери борышын орындау арқылы әр әскери қызметші азаматтық және адамгершілік тұрғыда жетіліп, емтихан тапсырады. Ендігі жерде сіздердің барлық әрекеттеріңіз салтанатты түрде берген анттың талаптарына сай келуімен өлшенеді, – деді Әуе қорғанысы күштері әскери институтының бастығы авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов.

Ант қабылдағанға дейін курсанттар негізгі әскери дайындық курсынан өтті. Бір ай бойы олар жалпыәскери жарғыларды зерделеп, оларды күнделікті өмірде басшылыққа алуға дағдыланды.

Әскери оқу орындарына қабылданған 146 курсанттың 30-ы оқуын шетелде жалғастыратынын айта кеткен жөн. Медициналық мамандықтарға түскен қыздар да алғаш рет ерлермен бір сапта тұрды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу