Алматыдағы Армия орталық спорт клубының оқу-жаттықтыру орталығының базасында республикалық әскери мектептер мен мамандандырылған лицейлердің тәрбиеленушілері арасында жарыс өтті, деп хабарлайды ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Әскери-спорттық ойындарды өткізу бағдарламасына жалпы іс-шаралар спектрі кірді. Әскери мектептердің тәрбиеленушілері әскерилендірілген эстафетада, күштік жаттығуларда, сондай-ақ Президенттік тестілеу (пневматикалық мылтықтан ату, 100 метрге жүгіру, ұзындыққа секіру, белді қатайту, 50 метрге жүзу, 3000 метрге жүгіру) жарыстарына қатысты. Бұл спорттық іс-шараға Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Семей қалаларынан 150-ден астам жасөспірім қатысты.
"Бұл жарысқа қатысқан топтар өздерінің күштілігін, шыдамдылығын және спорттық дағдыларын көрсетіп қана қоймай, табандылықты, ерік-күшін, батылдық және командалық рухты көрсете алатын ең мықты командалар жиналды", - деп спорт комитетінің төрағасы подполковник Расул Мейірманов атап өтті.
"Арыстан" мамандандырылған лицейінің тәрбиеленушілері жарыс қорытындысы бойынша ойынның жеңімпазы атанды, екінші орынды Астана қаласындағы "Жас ұлан" республикалық мектебінің, ал үшінші орынды Шымкент қаласындағы "Жас ұлан" республикалық мектебінің командалары иеленді.