"Болашақ" бағдарламасы атом саласына арнайы квота бөледі

252

Атом энергетикасының мамандарын шетелде даярлау мақсатында келесі жылдан бастап арнайы квота бөлінеді.  

"Болашақ" бағдарламасы атом саласына арнайы квота бөледі Фото: Depositphotos.com

Олар "Болашақ" халықаралық білім бағдарламасы шеңберінде оқытылмақ, деп жазады inbusiness.kz сайты 24.KZ телеарнасына сілтеме жасап.

Бүгінде бағдарламаның мыңдаған стипендиаты әлемнің озық университеттері мен ғылыми орталықтарында білімін жетілдіріп жатыр. Осы ретте "Болашақ" бағдарламасының аясында атом энергетикасына арнайы квота бөлінетін болады. Яғни келесі жылдан бастап 20 мақсатты грант қарастырылып отыр. 2026 жылы бакалаврларды шетелде даярлау жобасы қайта іске қосылмақ. Оған халықаралық олимпиада мен ғылыми байқауда жеңген дарынды жастар ғана түседі. Сонымен бірге, тағылымдамадан өту тәртібі де өзгерді. Степендиат қай елге барып тәжірибе жинаса, тағылымдаманы сол елдің тілінде өтуге міндеттеледі. Бұл – мамандарды даярлау сапасын арттыру мақсатында қолға алынған шаралар.

– Түлектердің 98 пайызы Қазақстанға оралып, міндеттемесін орындауға кіріседі. Демек олар экономиканың барлық саласында еңбек етіп жүр. Жалпы білімге құйылған инвестиция ұзақ мерзімдегі ең ұтымды,  қайтарымы мол болып саналады. Оның жемісін бүгінде көріп те отырмыз. Алдағы уақытта атом өнеркәсібінің білікті мамандарын даярлауды көздеп отырмыз. Өйткені елімізде үш бірдей атом станциясы салынады. Сондықтан "Болашақ" бағдарламасы аясында қажет кадрды уақыты даярлау міндеті тұр, – деп мәлімдеді "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ басқарма төрағасы Әділ Құсманов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу