"Болашақ" бағдарламасы бойынша IT және инженерлік мамандықтарға бөлінетін грант саны артты

1086

ЖОО тізіміне 23 жетекші техникалық университет енді.   

"Болашақ" бағдарламасы бойынша IT және инженерлік мамандықтарға бөлінетін грант саны артты Фото: allterra.ru

Қазақстанда IT және инженерлік мамандықтарға бөлінетін грант саны өткен жылмен салыстырғанда 36 пайыздан 60 пайызға дейін ұлғайды. Бұл туралы  Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ Басқарма төрағасы Әнуар  Жанғозин хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Болашақ" бағдарламасы бойынша құжат қабылдау аяқталды. Оның қорытындысы бойынша өтінімдердің көбі техникалық мамандықтар бойынша түскен", - деді ол.

Оның айтуынша, алдағы уақытта инженерлік-техникалық мамандар үшін арнайы жеңілдік енгізу жоспарланып отыр. Ол бойынша техникалық мамандықты таңдаған үміткерлер құжат тапсырғанда университеттерден шақыру ұсынуға міндеттелмейтін көрінеді.

"Техникалық мамандар мемлекеттік тілден емтихан тапсырғаны туралы нәтижесін – кемінде В1 ҚАЗТЕСТ сертификатын, шет тілден нәтижесі 9,0 балдан кемінде 5,0 балл IELTS сертификатын тапсырады. Жеңілдігі бар үміткерлер дипломының орташа баллы – GPA 4,00-тен кемінде 3,00 болу тиіс", - деді Әнуар Жанғозин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу