"Болашақ" бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтетін қызметкерлер санаты бекітілді

372

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадр даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.  

"Болашақ" бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтетін қызметкерлер санаты бекітілді Фото: akorda.kz

Комиссия отырысында ғылыми тағылымдамалар бағдарламасының тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды, деп жазады inbusiness.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Сонымен қатар комиссия шешімімен 2024 жылға арналған "Болашақ" халықаралық стипендиясы аясында тағылымдамадан өту үшін қызметкерлер санаттарының тізімі бекітілді.

Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік кеңесші "Болашақ" халықаралық стипендиясын одан әрі іске асыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу