"Болашақ" бағдарламасы стипендиаттарды алаяқтардан сақ болуға шақырды

161

Орталық соңғы уақытта алаяқтық жағдайлары жиілеп кеткенін атап өтіп, абай болуды сұрады.

"Болашақ" бағдарламасы стипендиаттарды алаяқтардан сақ болуға шақырды Фото: ult.kz

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" стипендиаттар, "Болашақ" бағдарламасының және ғылыми тағылымдама түлектеріне ескерту жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Алаяқтар Халықаралық бағдарламалар орталығының атынан хабарласып, SMS арқылы келген тексеру кодтарын немесе ақшалай қаражат жіберуді сұрайды. Халықаралық бағдарламалар орталығы ешқашан тексеру кодтарын сұрамайды және ақшалай қаражат талап етпейді. Барлық ресми ақпарат біздің ресми байланыс арналары немесе кураторлар арқылы ғана жіберіледі. Сақ болыңыздар! Жеке деректерді бөгде адамдарға бермеңіздер. Осындай жағдайлар туындаған кезде құқық қорғау органдарына жүгініңіздер", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу