"Болашақ" бағдарламасы жаңа мамандықтармен толықты

832

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары өкілдерінің қатысуымен су мамандықтары мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

"Болашақ" бағдарламасы жаңа мамандықтармен толықты Фото: gov.kz

"Болашақ" бағдарламасына өзгерістер енгізіліп, оған "гидрогеология", "су ресурстары" және "су қауіпсіздігі" мамандықтары енгізілді. Биылдан бастап жерлестеріміз шетелде аталған мамандықтар бойынша білім алады.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгінде 10 оқу орны республиканың су саласы үшін кадрлар даярлауда. Қазір су мамандықтары бойынша 2500-ге жуық студент оқиды.

"Біз үшін су саласы мамандығын тартымды ету маңызды. 2024 жылдың басынан бері су шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 22% өсті. Бұған министрлік әзірлеген шаралардың арқасында қол жеткізілді. Сонымен қатар, отандық су саласының кадрлық әлеуетін жақсарту үшін министрлік мамандарын қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жоспарлап отыр", — деді Нұржан Нұржігітов.

Елімізде су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстанда өткен жылдың күзінде пайда болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу