"Болашақ" бағдарламасы шеңберінде 2020 жылы оқуға ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі бекітілді, деп хабарлады "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді
іріктеудің жаңа ережелеріне енгізілген өзгерістердің нәтижесінде, шетелдік
жоғары оқу орындарының тізімі сапалық және сандық жағынан өзгерді.
Тізімге QS World University Rankings, Academic Ranking of World
Universities, Times Higher Education World University Rankings, the U. S. News
& World Report Best Global University ranking халықаралық рейтінгтерінің
кемінде екеуінің TOP-100-дігіне кірген жоғары оқу орындары кірді",– деп жазылған хабарламада.
Тізімге сонымен қатар, The U.S. News & World Report Best Global
University Ranking басылымының нұсқасы бойынша үздік әлемдік
университеттер рейтингінде кемінде 65 балл жинаған Экономикалық
ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің жоғары оқу орындары
енген.
Ұсынылатын шетелдік ЖОО-лар тізімімен "Халықаралық бағдарламалар орталығының" сайтында танысуға болады.