"Болашақ" бағдарламасымен оқып келген Айгүл Иманбаеваны әуежайда аспен күтіп алды

2000

Бешбармақ, қымыз, бауырсақтан дәм татқызды.

"Болашақ" бағдарламасымен оқып келген Айгүл Иманбаеваны әуежайда аспен күтіп алды Фото: Бейнежазбадан

"Болашақ" бағдарламасымен Лондонға оқуға аттанған әнші, актриса Айгүл Иманбаева елге оралды. Әртісті Астана әуежайынан шәкірттері мен әріптестері ерекше көңіл-күймен күтіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Әншіге тосынсыйды шәкірттері мен әріптестері жасады. Олар актрисаға ұлттық тағамымыз бешбармақ, қымыз, бауырсақтан дәм татқызды.

Студенттері тіпті оған пранк жасап та үлгерді. Төбелесіп ұстаздарын қорқытты. Кейін әншіні көтеріп, алып қашқандай сыңаймен көлікке мінгізді.

“Қандай әсерлі, ұжымыңыздың ауызбіршілігі нығая берсін”, “Аяғын жерге тигізбей, көтеріп алды”, “Әдемі қарсы алыпсыздар”, “Өзім Америкадан келгендей болдым ғой”, “Түрлерің құрсын, амандаспайсыңдар ма?”, – деп жазды пікір қалдырушылар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу