Шетелде ғылыми тағылымдамадан өтуге өтінім қабылдау басталды

739

Өтінім қабылдау 28 тамыздан 13 қазанға дейін жалғасады.

Шетелде ғылыми тағылымдамадан  өтуге өтінім қабылдау басталды Фото: pixabay

Ғалымдардан шетелде ғылыми тағылымдамадан өтуге өтініш қабылдау басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz бағдарлама орталығына сілтеме жасап.

Бұл мүмкіндік 500 зерттеушіге беріледі. Өтініштер 13 қазанға дейін қабылданады, республикалық комиссия жеңімпаздарды желтоқсан айында жариялайды.

"Құжаттар арнайы (қағаз түрінде, сондай-ақ электронды тасымалдағыштағы сканерленген нұсқасы) Халықаралық бағдарламалар орталығында (Астана қ.) Сығанақ қ., 70 (Сығанақ бизнес орталығы), 5-қабат, 508 кабинетте қабылданады", делінген хабарламада.

Айта кетейік, егер құжаттарды үшінші тұлға ұсынатын болса, онда өтініш берушіден нотариус куәландырған сенімхаттың түпнұсқасы апару қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу