"Болашақ" бағдарламасына 40 жаңа мамандық енгізілді

759

Биыл "Болашақ" бағдарламасына 40 жаңа мамандық енгізілді. Бұл туралы "Болашақ" халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Болашақ" бағдарламасына 40 жаңа мамандық енгізілді

"Биыл еңбек нарығының трендтерін талдаудың нәтижесінде "Болашақ" бағдарламасының басым мамандықтар тізіміне 40 жаңа мамандық қосылды. Олар инновация, жаңа технология, медицина және индустриялық инженерия, жаратылыстану ғылымдарымен байланысты. Осы ретте 17 мамандықтың атауы кеңейтіліп, бұрыннан бар мамандықтар қатарына қосылды, ал 23-і жаңа мамандық ретінде енгізілді", – деп жазды Әнуар Жанғозин Facebook-тегі парағында.

Оның айтуынша, техникалық бағыттағы мамандықтар 30%-ға кеңейтілген.

"Халықаралық бағдарламалар орталығы басым мамандықтарды анықтау үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларға қажеттілігі туралы мемлекеттік органдар мен ұйымдардан келіп түскен 70-ке жуық өтінімге талдау жасады. Кадрлық нарықтың орта мерзімді болжамын ескерді. Мемлекеттік органдар, ЖОО, ғылыми орталықтар, индустрия және бизнес өкілдерінің қатысуымен сараптамалық кездесулер өткізілді", – деді орталықтың басқарма төрағасы.

Әнуар Жанғозин 2022 жылы шетелдік университеттерде білім алуға арналған басым мамандықтар тізіміне жалпы академиялық оқуға арналған 92 мамандық және тағылымдамадан өтуге арналған 158 мамандық кіргенін атап өтті.

Тізімді халықаралық бағдарламалар орталығының ресми сайтынан қарауға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу