"Болашақ" бағдарламасына құжат қабылдау басталады

2044

Құжаттарды қабылдау 2019 жылдың 25 ақпаннан 31 тамызға дейін жүргізілетін болады. Ал, негізгі конкурс 6 наурыздан 29 қарашаға дейін өткізіледі.

"Болашақ" бағдарламасына құжат қабылдау басталады

"Болашақ" халықаралық стипендиясына үміткерлері үшін конкурсқа қатысуға құжат қабылдау басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Стипендия магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша тағайындалады. Құжаттарды республиканың кез-келген аймағындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары және egov.kz сайты арқылы онлайн тапсыруға болады.

Құжаттарды қабылдау 2019 жылдың 25 ақпаннан 31 тамызға дейін жүргізілетін болады. Ал, негізгі конкурс 6 наурыздан 29 қарашаға дейін өткізіледі.

Осы жылы стипендия 69 мамандық бойынша тағайындалады. Сондай-ақ, қазақстандық студенттер шетелдік жүзден астам үздік оқу орындарында білім алу мүмкіндігіне ие болады. Университеттер тізімі www.bolashak.gov.kz ресми сайтында жарияланады.

Айта кетейік,  "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ "Болашақ" стипендиясынан басқа да үкіметаралық және шетелдік серіктес университтердің бөлген гранттары мен жалпы көптеген шетелдік университтердің тегін гранттарын еліміздегі шетелден сапалы білім алғысы келген жастар үшін ұсынып келеді.

Бүгінгі таңда 40 000 жуық гранттар қазақстандықтар үшін қолжетімді деп айтуға болады.     

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу