"Болашақ" бағдарламасының тізіміне Ресейдің техникалық университеттері енгізіледі

2031

Тізімде 5 университет бар.

"Болашақ" бағдарламасының тізіміне Ресейдің техникалық университеттері енгізіледі

Ресейдің жетекші техникалық жоғары оқу орындары "Болашақ" бағдарламасы бойынша мамандарды дайындайтын шетелдік жоғары оқу орындарының тізіміне енді, деп хабарлайды inbusiness.kz Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жалпы тізімде 27 елден 200-ден астам университет бар. Техникалық бағыттағы мамандарды дайындайтын келесі ресейлік жоғары оқу орындары тізімге енгізіледі: Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті, Ұлттық ядролық зерттеу университеті, Ломоносов М.В. атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті және Мәскеу физика-техникалық институты.

Ведомство "Болашақ" бағдарламасы бойынша студенттерді оқыту географиясын кеңейтетінін атап өтті.

"Жалпы тізімге әлемнің 30-ға жуық елінен 200-ден астам беделді университеттер кіреді. Өткен жылы біз географиямызды төрт елмен, соның ішінде Австрия, Чехия, Ирландия және Оңтүстік Африкамен кеңейттік. Сонымен бірге, "Болашақ" бағдарламасына түсу мүмкіндіктері өзгеріссіз қалатынын түсіну керек. Әлемдегі 200-ден астам жоғары оқу орындарының тізімі тағы бірнеше беделді ресейлік жоғары оқу орындарымен толығатыны біздің түлектерге жоғары оқу орындарын таңдауға және техникалық бағыттағы мамандарды даярлауға қолжетімділікті арттырады. Сонымен қатар техникалық бағыттағы мамандар даярлауға баса назар аударамыз", – деді Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, техникалық бағыттағы кадрларды даярлауға баса мән берілмек. Техникалық және IT салаларға арналған гранттар 40%-дан 60%-ға дейін ұлғайтылады. Батыс өңірлердің, Маңғыстау, Атырау облыстары мектептерінің түлектеріне грант бөлу мәселесі пысықталып жатыр. 

"Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті қорғау жөніндегі міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан  әскери қызметкерлердің, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің балаларына білім гранттарын беру мәселесі қарастырылатын болады", – деп атап өткен еді Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев 27 қаңтар өткен кеңейтілген алқа отырысында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу