"Болашақ" бағдарламасының түлектері ментор қызметін атқарады

1101

"Болашақ" бағдарламасының 150-ден астам түлегі 100 мың оқушыға мамандық таңдауға көмектеседі.  

"Болашақ" бағдарламасының түлектері ментор қызметін атқарады

Бұл туралы "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ вице-президенті Ғалия Досмұхамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бұл жай ғана тест немесе сауалнамаға жауап беру емес, бұл нағыз мамандық таңдауға кірісу: кездесулер, оқыту және түсіндіру семинарлары, мастер-кластар мен тәлімгерлер кеңесі. "Болашақ" бағдарламасы шеңберінде 11 мыңнан астам жоғары білікті маман даярланды. Бүгінде олар экономиканың басым секторларында жұмыс істейді. Олар біздің ұсынысымызға ақысыз негізде қолдау білдірді. Оқушылармен мұндай қарым-қатынас және өзара іс-қимыл мамандық таңдауға оң әсер етеді деп үміттенеміз", – деді Ғалия Досмұхамбетова.

Ментор-бағдарлама түлектерінің қатарында инженерлік-техникалық, медициналық, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының докторлары болады.

Жобаға қатысты Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының жетекші сарапшысы, "Болашақ" бағдарламасының түлегі Рамазан Досов пікір білдірді.

"Колумбия университетінде оқып жүрген кезімде мен еріктілердің жобаларына қатыстым. Бұл жобалар маған да, мен жәрдем көрсеткен адамдарға да тәжірибе жинақтауға көмектесті. Бұл жұмыстың нәтижесін бірнеше жылдан кейін көруге болады. Мәселен, мен өз студенттерімнің кәсіби саладағы жетістіктерін қазір біліп, естіп, көріп жүрмін", – деді Рамазан Досов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу