Bolashak Job Fair 2017 шарасына 200-ден астам компания қатысты

820

Bolashak Job Fair 2017 шарасына 200-ден астам компания қатысты

Алматыда "Болашақ" бағдарламасының түлектері үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.  Оған 200-ден астам отандық және шетелдік компания, 400-ге жуық ізденуші қатысуға өтінім берді, деп хабарлады халықаралық бағдарламалар орталығы.

Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге бағытталған Bolashak Job Fair 2017 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.

Оған 400-ге жуық ізденушілер, 200-ден астам отандық және шетелдік компания, олардың ішінде қаржы секторы, мұнай-газ саласы, технологиялық және digital агенттіктері қатысуға өтінім берді.

Әдеттегідей, іс-шара шегінде ізденушілер жұмысқа орналастыру саласындағы сарапшылар тарапынан пайдалы кеңестер алды.

Сонымен қатар, Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі барысында "Базис А", Bi Group, Air Astana, "Тенгизшевройл" және басқа да беделді компаниялардың таныстырулары өткізілді.

Bolashak Job Fair – жыл сайынғы іс-шара, "Болашақ" президенттік стипендиясы шегінде беделді батыстық білім алған жоғары мамандандырылған мамандар және түрлі компаниялар мен ұйымдар үшін бірегей рекрутингтік алаңы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу