Болашақ педагогтар 42 мың теңге шәкіртақы алады

792

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагог мамандығын таңдаған "Алтын белгі" иегерлерінің саны 2 есеге жуық ұлғайғанын жариялады. 

Болашақ педагогтар 42 мың теңге шәкіртақы алады

Бұл туралы министрліктің алқа мәжілісінде айтылды деп хабарлайды іnbusiness.kz тілшісі.

"Былтырдан бастап кадр дайындаудың сапасын арттыру мақсатында жоғары оқу орнына қабылдау талабын  күшейттік. Педагогикалық мамандыққа мықты түлектерді ғана қабылдау үшін Ұлттық бірыңғай тестілеудегі бұған дейінгі шекті 50 балл 75 балға дейін көтерілді. Мамандыққа түсуді ынталандыру үшін болашақ педагогтардың шәкіртақысы жоғарылады, қазір ол 42 мың теңге",  деді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің сөзінше, бастама оң нәтиже беріп жатыр. 

"Педагог мамандығын таңдаған "Алтын белгі" иегерлері 2 есеге жуық ұлғайды. Осы мамандыққа түсушілердің орташа балы 90-ға дейін жетті. Бұл мұғалім мамандығына мықты кадрлардың келуін қамтамасыз етеді. Реформаның оң нәтижесін көріп отырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады", – деді Асхат Аймағамбетов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу