Болашақ педагогтардың стипендиясы 42 мың теңге болады

1823

Қасым-Жомарт Тоқаев педагог мәртебесін көтеруді университет қабырғасынан бастауды ұсынды.

Болашақ педагогтардың стипендиясы 42 мың теңге болады

"Педагогикалық мамандықтарға түсушілерге қойылатын талаптарды біртіндеп көтеру керек. Оның тартымдылығын арттыру үшін болашақ педагогтардың стипендиясын 26 мыңнан 42 мың теңгеге дейін көтеру қажет. Сондай-ақ, педагогтарды дайындайтын ЖОО мен колледждерді біліктілік талаптары арқылы мамандандырған жөн. Жалпы педагогтарды арнайы ЖОО-лар оқытып дайындауы керек. Білім және ғылым министрлігі бұл бағытта тиісті шешім қабылдайды деп ойлаймын. Мен біздегі жоғары оқу орындарын футболдағыдай лигаларға топтастыруды қолдаймын. Осылйаша олар бір-бірімен қарсыласып, бәсекелесе алар еді.  Бәсеке қай салада болсын дамудың қозғаушы күші екені сөзсіз", – деді Президент.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу