"Болашақ сәулетшілері" қорының жетекшісі Марат Әбиев 7 жылға сотталды

453

Ол өткен жылдың қараша айында Астанада 300-ге жуық адамды көшеге жинап, заңсыз шеру ұйымдастырғаны үшін ұсталған болатын.

"Болашақ сәулетшілері" қорының жетекшісі Марат Әбиев 7 жылға сотталды Фото: tengrinews.kz

Марат Әбиев азаматтарды құқыққа қайшы әрекеттер жасауға ынталандырумен ұштасатын қоғамдық бірлестікті (ҚК 404-бабының 1-бөлігі), сондай-ақ қоғамдық шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу қаупін тудыратын жалған ақпарат таратумен айналысқан қоғамдық бірлестікті құрды және оған басшылық жасады (ҚК 274-бабы, 4-бөлігінің 2-тармағы) деп айыпталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, мамандардың қорытындысымен, жүргізілген сараптамамен, заттай дәлелдемелермен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді.

Сот оған 5 жыл мерзімге қоғамдық бірлестік құру және басқаруға тыйым салып, 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Жазаны жеңілдететін мән-жай – жас балалары бар және бұрын сотталмаған. Ауырлататын мән-жай жоқ.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу