Енді "Болашақ" стипендиаттарына жас шектеуі енгізіледі

308

Өзгерістер биыл күшіне енеді.  

Енді "Болашақ" стипендиаттарына жас шектеуі енгізіледі Фото: bolashak.gov.kz

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек "Болашақ" стипендиаттарының жас ерекшеліктеріне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министрдің сөзінше, биыл стипендиаттардың жас ерекшеліктеріне қатысты жаңа түзетулер күшіне енеді.

"Қазір ғылыми тағылымдамалар аясында Варшавада бағдарламаның екі стипендиаты оқып жатыр. Біреуі шамамен 70 жаста болса, екіншісінің жасы 68-де. Бұдан басқа түлектердің бірі Ресейде Санкт-Петербург мемлекеттік өнер университетінің базасында 67-68 жасында тағылымдамадан өтті", - деді Саясат Нұрбек Мәжіліс кулуарында.

Енді жас шектеулері енгізіледі. Зейнеткерлік жасқа дейін кемінде 3 жыл қалса, тағылымдамадан өтуге болады, деді министр.

"Яғни, ерлер үшін шекті жас 61 болса , әйелдер үшін – 57 жас. Бұл өзгерістер биыл күшіне енеді. Докторлық бағдарламалар мен ғылыми бағыттарға келсек, 60 жастан асқан стипендиаттар болмады", - деп атап өтті Нұрбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу