"Болашақ" стипендиаттарының үштен бірі Ұлыбританияны таңдайды - Джеймс Клеверли

401

"Болашақ" бағдарламасымен білім алуға ниетті қазақстандықтардың үштен бірінің таңдауы Ұлыбританияға түседі.

"Болашақ" стипендиаттарының үштен бірі Ұлыбританияны таңдайды - Джеймс Клеверли Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазақстанда жоғары білім беру саласында ағылшын тілді хаб дамытылып жатқанын білдім. Аталған мақсатқа жетуге біз көмектескіміз келеді. Екіжақты серіктестігімізде білім беру – қашанда маңызды бағыттардың бірі. "Болашақ" бағдарламасы стипендиаттарының үштен бірі Ұлыбританияда оқуды таңдайды", - деді Джеймс Клеверли СІМ-де өткен кездесуден кейінгі баспасөз мәслихатында.

Британдық мейманның айтуынша, екі ел арасында бұрын-соңды дәл қазіргідей қарым-қатынас болған емес.

"Қазақстан мен Ұлыбританияның болашағын басқаратын мыңдаған "Болашақ" және Chevening стипендиаттары біздің университеттерде білім алып, тәжірибе мен дағдыларға ие болады. Ұлыбритания сіздермен достығын мақтан тұтады. Біз Қазақстанның сенімді серігі болып қала береміз", - дейді Ұлбританияның сыртқы істер министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу