"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

477

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен өткен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия шешімімен әлемдегі жетекші университеттер мен салалық ұйымдарда тағылымдамадан өтетін 25 қазақстандық "Болашақ" стипендиясының иегері атанды.  

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды Фото: egemen.kz

Бұл туралы inbusiness.kz ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бапасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі Халықаралық бағдарламалар орталығының сайтында жарияланған.

2023 жылы "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау төрт лекке бөлінген. Құжаттарды қабылдаудың алғашқы мерзімі - 2023 жылғы 9 қаңтар мен 27 қаңтар аралығында. Қабылдаудың екінші легі 3 сәуір мен 28 сәуір аралығында, үшіншісі - 5 маусым мен 7 шілде аралығында, төртіншісі - 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында өтеді.

Осы жылы магистратура және резидентура бағдарламаларына 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия, тағылымдамадан өту үшін 110 стипендия бөлінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу