"Болашақ" стипендиясына және "500 ғалым" ғылыми тағылымдамаларына құжаттарды қабылдау басталады

352

Құжаттарды қабылдау 29 сәуірге жоспарланған және 25 қазанда аяқталады. 

"Болашақ" стипендиясына және "500 ғалым" ғылыми тағылымдамаларына құжаттарды қабылдау басталады  Фото: Егемен Қазақстан

2024 жылы алғаш рет "Болашақ" халықаралық стипендиясына және "500 ғалым" ғылыми тағылымдамасына құжаттарды қабылдау үздіксіз жүргізілетін болады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Конкурстық іріктеу 2024 жылғы 10 мамырдан 30 қарашаға дейін өтеді. "Болашақ" стипендиясына құжаттар egov.kz. порталы арқылы қабылданады "500 ғалым" бойынша өтінімдерді қабылдау және конкурстық іріктеу алғаш рет bolashak.gov.kz. порталында "Үміткердің жеке кабинеті" бөлімінде онлайн жүргізіледі. Шетелде кадрлар даярлау кезінде басымдық инженерлік-техникалық және медициналық мамандықтарға беріледі.

2024 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқу үшін 555 стипендия бөлінді. Оның ішінде 395 стипендия магистратура және резидентура, докторантура бағдарламалары бойынша – 50 стипендия, тағылымдамадан өту үшін - 110 стипендия бөлінді.

Басым мамандықтар тізбесі орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өтінімдері, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді даму стратегиялары мен жоспарлары бойынша қалыптастырылды. Үміткерлер су қауіпсіздігі және су бұру, агроорман шаруашылығы, құрылыс, АӨК, жасанды интеллект, молекулалық генетика және т. б. сияқты өзекті мамандықтар бойынша шетелде дайындықтан өте алады.

"Болашақ" стипендиясы бойынша квоталық санаттар қарастырылған. Олар инженерлік-техникалық қызметкерлер, медициналық мамандар және ауылдық жерлерден кандидаттар. Квоталық санаттағы үміткерлер тегін тілдік дайындықтан өте алады, сондай-ақ құжаттарды тапсыру кезінде шетелдік жоғары оқу орнына өз бетінше түсудің қажеті жоқ. Олар стипендия тағайындалғаннан кейін оқу орнын таңдай алады.

"500 ғалым" бағдарламасы әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында қазақстандық ғалымдардың біліктілігін арттыру мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бекітілді. Ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы бойынша жыл сайын 500 стипендия бөлінеді.

  • Мемлекет академиялық оқуға, тағылымдамадан өтуге, ұшуға, медициналық сақтандыруға, визалық алымдарға, оқу материалдарын сатып алуға жұмсалатын шығындарды жабады, сондай-ақ ай сайынғы стипендия төленеді.
  • Үміткерлерге қойылатын талаптармен, басым мамандықтар тізбесімен, университеттер мен ғылыми орталықтардың тізімімен bolashak.gov.kz. сайтында танысуға болады.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу