"Жаңа форматта іріктеуден өткен стипендия иегерлерін құттықтаймын. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссияның шешімімен стипендия 106 үміткерге берілді. Олар көп ұзамай оқуын бастайды", – деп жазған ол стипендиаттар үшін тағы бір жақсы жаңалық жеткізді.
"Барлық стипендианттың білім алу барысы бойынша мониторинг Халықаралық бағдарламалар орталығының жаңа порталында цифрлық форматта жүзеге асырылатын болады. Енді стипендиаттарға жарты жылда бір рет транскриптерді сканерлеудің, есептер жазудың және анықтамалар жіберудің қажеті жоқ. Барлық дерек блокчейн технологиясына негізделген жүйеде жиналады. Ал сол жүйедегі кез келген өзгерістер автоматты режимде тіркеліп, сақталады. Бұл стипендианттарға қатысты ақпараттың негізсіз өзгеруіне жол бермейді", - дейді Мирас Дәуленов.
Стипендиаттардың толық тізімімен bolashak.gov.kz сілтемесі арқылы өтіп, танысуға болады