Бұл туралы "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ Конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру басқармасының бас менеджері Гүлзат Асанбаева мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.
Айтуынша "Болашақ" тағылымдамасына техникалық және кәсіптік білім беретін ұйым педагогтері, яғни мектеп және колледж мұғалімдеріне арналған.
"Ал "500 ғалым" жобасы бойынша ЖОО, университте сабақ беретін педагогтер бара алады. Ол үшін кемінде 3 айға бару керек, ғылыми дәреженің болуы тағы бар. Бұл нақты ғылыммен айналысатын адамдарға арнадған жоба. Айырмашылықтары осыда. Олар екеуі екі түрлі бағдарлама. Бұлардың талаптары да басқа", – деді спикер.
Ал 2023 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтуге қызметкерлердің мына санаттары бекітілген: инженерлік-техникалық қызметкерлер, медициналық қызметкерлер, мәдениет, туризм және спорт саласының қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері, агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер, орта, техникалық және кәсіптік білім беретін ұйым педагогтері.
Бұл ретте үміткерлер тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік ұйымнан шартсыз шақыруы болу керек. Сонымен қатар жалпы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл, оның ішінде соңғы 12 айы таңдаған саласында болу шарт.
"Тағы бір маңызды талап кемінде В1 деңгейде нәтижесі бар ҚАЗТЕСТ бойынша емтихан тапсырғаны туралы жарамды ресми сертификаты болы керек. Сонымен қатар белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін шет тілін білуі маңызды", – деп атап өтті Гүлзат Асанбаева.